Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК арнайы жасағының майоры тактикалық жаттығу кезінде көз жұмды

Тактикалық жаттығу кезінде арнайы қызмет майоры көз жұмды, деп хабарланады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында.

img_9163

Арнайы қызмет майоры тактикалық жаттығу кезінде көз жұмды, деп хабарланады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында 22 маусымда ҰҚК “А” арнайы мақсаттағы қызметінің оқу-жаттығу ғимаратында жоспарлы тактикалық сабақтар өткізу барысында штаттан тыс оқиға орын алып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде нұсқаушы майор “К.Е.” оқ жарақатын алды.

“Ол дереу Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізіліп, сол жерде есін жимастан қайтыс болды”, — делінген хабарламада.  Аталған факт бойынша ішкі істер органдарымен бірлесе тергеу жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанның екі кәсіби мерекесі бір күнде аталып өтіледі

Генерал Панфиловтың шөберелері 7 жылға сотталды

Досқалиев мәйіттік донорға қатысты заңды білмейтіндердің өзін айыптады

Талқылау