Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК: Қарағандыда радикалды топтың мүшесі өзін жарып жіберді

26 маусымда Қарағанды облысының Балқаш қаласы мен Гүлшат елдімекенінде қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдаланып, террорлық акті жасауды жоспарлаған радикалдық топ қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

террорист

Гүлшат кентінде лаңкестердің бірін ұстаған кезде ол өз-өзін жарып жіберіп, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Топтың қалған мүшелері ұсталды. Жарылғыш зат құрамдауыштары, қару, басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Аталмыш оқиға бойынша сот алды тергеу басталды. Тергеу шаралары жалғасуда.

 

Талқылау