Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК арнайы операция кезінде Алматыда 15 діни экстремисті ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ішкі істер органдарымен бірлесіп Алматы мен Алматы облысында арнайы операция жүргізді.

1167676

Фото: Еркен Салихов

Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.

Нәтижесінде 2 радикалдық топ және діни-экстремистік идеологияны ұстанған 6 адам қолға түсті. Жалпы қаңтар айының 13-і мен 24-і аралығында өткен жедел іздестіру шаралары барысында 15 адам тұтқындалған. Олар терроризмді насихаттады, террорлық актіге қатысуға дайындық жасады, діни алауыздық тудырды, заңсыз қару сақтады деген күдікке ілініп отыр.

Тінту барысында қолға түскендердің тұрғылықты жерлерінен 5 граната, халықаралық террорлық ұйымдардың белгілері, діни мазмұндағы кітаптар мен электрондық ақпарат тасығыштар тәркіленген. Құзырлы орган қызметкерлері тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Семейде анасы суға ағызып жіберген бүлдіршін тірі болуы мүмкін

Елімізде айыппұл көлемі 50 пайызға дейін кемуі мүмкін

Қостанайда жүргізуші таксиге ақша төлемеген қызды жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрледі (видео)

Петропавлда жеті саусағы жоқ мүгедек әлеуметтік қызметкердің кесірінен жәрдемақыдан қағылып қалды

Талқылау