Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Үкіметті сынауға ғана шамасы жетеді»: Назарбаев ерлер туралы әзілдеді

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай нәзік жандылармен кездесу өткізіп, мерекемен құттықтады. Кездесу барысында елбасы ерлер туралы әзілдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

«Ерлерге үнемі әйелінің және үкіметтің ақшаны қалай жұмсайтыны ұнамайды. Алайда үкіметті ғана сынауға шамасы жетеді», - деп әзілдеді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Айта кетсек, бүгін өткен кездесу барысында мемлекет басшысы көпбалалы отбасыларға берілетін көмек мәселесін қозғады. Нұрсұлтан Назарбаев көмек пен қамқорлық әрдайым еселеніп, арта беретінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр