Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үкімет сайлаудан кейін отставкаға кете ме? Тоқаев жауап берді

Қазақстанның сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкаға кету мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Үкімет сайлаудан кейін отставкаға кете ме? Тоқаев жауап берді

«Бізде үкімет сайлаудан кейін отставкаға кетпейді. Алайда кадрлық тағайындаулар болады», - дейді президент баспасөз конференциясында. 

"Нақтырақ айтқанда тағайындау жұмыстары жүзеге асады. Сонымен қатар, мен уәде бергендей, билікке жастар тартылатын болады. Жалпы жастар туралы айтар болсақ, мен оларды жаңа кадрлар ретінде жұмысқа тарту керек екенін айтқым келеді. Оған қоса, Президенттің лауазымдық тізімін жасап, әр аймақтан 300 адам енгізіледі. Біз тізімді жаңартатын боламыз. Басты мақсатымыз - жастарды мемлекет басқаруға қызықтыру. Мен болашақ жастардың қолында екенін айтқанда шынайы болдым. Бұл пропагандалық штамп емес, әрбірден кейін, бұл өмір заңдылығы", - дейды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президентін сайлау кеше, 9-маусымда өткен болатын. Exit-poll нәтижелеріне сәйкес, "Нұр Отан" партиясының атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев 70% көрсеткішпен жеңіске жетті. Артынша ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Оның нәтижесі бойынша, Тоқаев 70,76% дауыс жинады. Яғни, оған 6 504 054 қазақстандық дауыс берді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр