Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Министр астананың атауының өзгертілуіне қатысты қоғамда жағымсыз пікір болғанын мойындады

Қазақстанның астанасының атауын Нұр-Сұлтан деп ауыстыру қоғамда түрлі пірікдің туындауына себеп болды. Оның ішінде жағымсыз пікірлер де бар. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Министр астананың атауының өзгертілуіне қатысты қоғамда жағымсыз пікір болғанын мойындады

Сурет: @Flickr

Министр елорданың атауына қатысты қызу талқы 1998 жылы Ақмоланы Астана деп өзгерткен кезде де болғанын еске салды. Алайда «уақыт өтті, біз «Астана» брендін жақсы көріп кеттік», дейді Абаев, деп хабарлайды "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Абаевтың сөзінше, бұл жолы да адамдарға өзгерістерге бой үйрету үшін біраз уақыт қажет.

«Бұл процестер үшін белгілі бір уақыт керек. Уақыт өтсін, сол кезде осының бәрінің толық көрінісін көреміз», - дейді ол. 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда Тұңғыш президенттің құрметіне Астананың атауын өзгерту туралы ұсыныс тастаған еді. Парламент сол күні Конституцияға тиісті өзгертулерді қабылдады. 23 наурызда Астананың атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгертілді

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр