Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уилл Смиттің әйелі қаранәсілділерді марапаттамайтынын айтып, «Оскар» сыйлығын сынға алды

Уилл Смиттің әйелі, актриса әрі продюсер, Джада Пинкетт-Смит қара нәсілділерді «Оскар» киножүлдесіне қатысты сыни пікірін қолдауға шақырды. Оның айтуынша, сыйлықтың негізгі  5 номинациясы бойынша иегерлердің барлығы ақ нәсілділер.

tLUBQK9JvW4

Бұл туралы актриса өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Әр түрлі нәсілділер «Оскар» өнер адамдарын сыйлығымен марапаттап отырады. Алайда, біздің еңбегіміз әрқашан елене бермейді. Мүмкін, бізге, қаранәсілділерге, бұған қатыспай-ақ қою керек шығар? Адамдар бізге үндемеген сайын білгенінше қарап келеді», – дейді ол өзінің ренішін білдіріп.

Актрисаның бұл жазбасы желіде қызу пікір-таласқа ұласып, жарияланған уақыттан бастап жазбаны 120 мың адам қарап, оның 16 мыңы өз парақшаларында бөліскен.

Сондай-ақ, Twitter желісіне де #OscarsSoWhite хэштегі («Оскар» сондай аппақ) кең тарады. Осы арқылы қолданушылар Американың киноакадемиясына наразылығын білдіріп жатыр.

«Оскар» жүлдесі 14 қаңтар күні берілген еді. Негізгі 5 катергория бойынша берілді. Бірақ, жүлдегерлер ішінде ешбір қаранәіслдінің аты аталмады. Марапаттау рәсімінің жүргізушісі Крис Рок болды.

Осындай жағдай 2015 жылы да орын алған еді. Онда қаранәсілді Опра Уинфри, Люпита Нионго, Зои Салдана, Эдди Мерфи и Чиветел Эджиофорлар жүлдені табыстаушы ретінде қатысты.

2014 жылы ең үздік әйел рөлі номинациясының екінші орындағы жүлдесі Нионгоға бұйырып, Эджиофор ең үздік ер адам рөлі  үшін марапатталды. Сондай-ақ, Стив Маккуин ең үздік режиссерлік жұмысы үшін, Бархад Абди екінші дәрежелі ер адам образы үшін жүлдегер атанған еді.

Талқылау