Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Грузиядан жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы ойынында грузиялық қарсыластарынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Грузиядан жеңіліп қалды

Сурет: Sputnik / Владислав Воднев

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Станимир Стоиловтың командасы «Астана Арена» стадионында қарсыластарын жеңе алмады.

Алғашқы тайм 0:0 есебімен аяқталды. Алайда ойынның екінші кезеңінде грузиндер есеп ашып, 69-минутта Георгий Чакветадзе гол соқты.

УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Грузиядан жеңіліп қалды

Сурет: Sputnik / Владислав Воднев

5 минуттан кейін казақстандық футболшы Сергей Малый өз командасының қақпасына гол салып жіберді.

УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Грузиядан жеңіліп қалды

Сурет: Sputnik / Владислав Воднев

Алаң иелері қосымша 4 минутта гол соға алмады.

УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Грузиядан жеңіліп қалды

Сурет: Sputnik / Владислав Воднев

УЕФА Ұлттар лигасы – әлсіз командаларға өз рейтінгін көтеруге және 2020 жылғы Еуропа чемпионатына квалификация алуға мүмкіндік беретін жаңа жарыс.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау