Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

УЕФА Ресей мен Англияны Еуро-2016 чемпионатынан шеттетуі мүмкін

UEFA Еуропалық футбол ассоциацияларының одағы (UEFA) Англия мен Ресейді футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатынан шығарып жіберуі мүмкін.

7258527

Сурет: ru.sputnik.md 

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Сондай-ақ олар айтулы додадан шеттетілуі де ғажап емес. Егер қос команданың жанкүйерлері бұзақылығын одан әрі жалғастырса, бұл сөздер іске айналатын болады. Англия және Ресей құрамалары арасында өткен матч кезінде Марсельде болған тәртіпсіздік пен төбелес үшін УЕФА қос тарапқа осындай ескерту жасады.

Еске сала кетсек, қос құрама жексенбі, 12 маусым күні кездесіп 1:1 есебімен тең түскен болатын. Ағылшын футболшысы Эрик Дайердің нәтижелі соққысына, Ресей құрамасының капитаны Василий Березуцкий қосымша минутта жауап қайтарды.

Талқылау