Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ биылғы жылы 2-15 маусым аралығында өткізіледі

Биылғы жылы Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-15 маусым аралығында өткізілетін болды.

1337183517_ent

Сурет alau.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қала береді. Мектеп түлектері ҰБТ-ны 166 арнайы жарақтандырылған оқу ордаларында тапсыратын болады”, – деді ҚР білім және ғылым министрлігі бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов.

Оның айтуынша биылғы жылы Қазақстанда орта мектепті 121 мың 91 бітіруші тәмамдайды.

“Олардың 83 330-ы қазақ тілінде, 37 762-сы орыс тілінде оқу бітіріп отырғандар. ҰБТ-ға олардың өтініші бойынша 86 991 түлек қатысатын болды”, – дейді Нүсіпов.

Талқылау