Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-2018 сұрақтары желіде тарап кетті

Желіде ҰБТ-2018 сұрақтарының суреттері пайда болды! Ұлттық тестілеу орталығы әлгі тест сұрақтарын интернетте жариялаған кінәлі адамды анықтау үшін өз ішінде қызметтік тексерісті бастап кетті. Тестілеудің бірінші күні 14 мыңға жуық үміткер сынақ тапсырған болатын. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша елдегі орташа балл 80,9 құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

ҰБТ-2018 сұрақтары желіде тарап кетті

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сүйенсек, елімізде ҰБТ өтетін мыңнан астам аудитория 100 пайыз 4G желісін өшіретін арнайы құрылғылармен жабдықталған. Алайда ҰБТ сұрақтарының суреттері әлеуметтік желіге қалай тарап кеткенін әзірге ешкім білмейді. Онда сынақ сауалдарының сұрақтары жазылған. Ал бүгін тест тапсырғандар олардың жауабын біліп алған.

“Кеше бірінші топ тапсырып болғаннан кейін, осы сұрақтар желіге шыға бастады. Соны қарап, шығарып, жаттап алдым. Ондағы сұрақтардың кейбірі келді, сол арқылы білгенімді белгіледім”,- дейді талапкер Ілияс Сайлаубаев.

Тестілеу орталығы да телефондарды пайдаланудың бірыңғай фактілері болғанын растады. Алайда, бұл әрекеттердің барлығы сәтсіз. Себебі, ҰБТ тапсыру пункттерінің аумағында байланысты өшіретін құрылғы орнатылған. Сондықтан тіпті жоғары оқу орындарының ауласында да ұялы байланыс жұмыс істемеді.

“Өкінішке орай, қандай да бір жолмен сұрақтарды суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жарияланған  фактілер бар. Біз осы фактімен жұмыс істеп, күресіп жатырмыз. Он телефон аудиторияға кірер алдында тәркіленді. Бұл қалыпты жағдай. Өзімен телефон алып кірмекші болған оқушының барлық телефондарын тартып алды”,- дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша, ҰБТ ережесін бұзған Оңтүстік қазақстандық түлектің емтихан нәтижелері жойылды. Ал екі мыңнан астам түлек шекті деңгейді еңсере алмады. Олар тамыз айында ақылы негізде тестілеуді қайтадан тапсыра алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау