Түсіпбаева: Кейбір дизайнерлер сымбатты әйелдерді көре алмайды

Дүйсенбі, 7 Қараша , 2016 9:30

Осыдан біраз уақыт бұрын Меруерт Түсіпбаева отандық дизайнерлермен «айқасқа» түскен еді. Әнші өзіне мін таққан киім шеберлерін (Жадо, Белла Сәт-Мырза) кәсіби маман санамайтынын айтты. Сын тақпас бұрын әнші олардан дизайнердің дипломын көрсетуді талап етуде. Ал дизайнердің дипломына ие Аида Кауменовамен Меруерт Түсіпбаева мәмілеге келген.

4623000000

Отандық бағдарламалардың бірінде үш бірдей дизайнер (Аида Кауменова, Жадо, Белла Сәт-Мырза) Меруерт Түсіпбаеваның стилін, сахналық образдарын сынға алды. Әншіге «ең талғамсыз киінетін жұлдыз» деп баға да берді. Түсіпбаева өзінің беделіне нұқсан келтірген жандарды көп күттірмеді. Аида Кауменовадан құны 97 мың теңге тұратын алқа сатып алғанын, алайда оның екі рет тағылғаннан кейін ажырап қалғанын айтып шағымданды. Одан кейін дизайнер Жадоға «сауатсыз маман» деп баға берді.

Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында Түсіпбаева Жадоны да, Белла Сәт-Мырзаны да кәсіби маман қатарына қоспайтынын мәлімдеді.

«Адам сынаудың алдында бірінші өзінің деңгейіне қарап алу керек. “Әй, мен артыма қарайыншы, осы сынайын деп тұрған адамыма менің деңгейім жете ме?” деп. Сондықтан екі қызды мен ешкім деп санамаймын. Ол кісі бірінші дипломын көрсетсін дизайнердің. Сол кезде мен бәлкім қабылдармын. Бірінші менің жасыма келіп, мен сияқты сымбаттылықты сақтасын. Ол деген кәдімгідей ауызды тыю керек, ауызды «скочтау» керек. Спорт залға көбірек бару керек. Жатып алып, тамақты жеп, сын айту ол менің де қолымнан келеді», – деп атап өтті Түсіпбаева.

Ал дизайнер Аида Кауменовамен Түсіпбаева ортақ шешімге келген. Айтуынша, Кауменова одан кешірім сұрап, олқылықтың орнын толтыратынын айтқан.

«Қазақстанда шығатын өнімнің сапасын тексеретін ұжым бар. Сапасы бағасына сәйкес келе ме, жоқ па, соны анықтайтын. Алқаны сондай сараптамаға бергім келді. Бірақ бермедім. Шынын айтқанда, Аида маған ақшамды қайтарып берді, кешірім сұрады. Адам болған соң, екеуміз бір мәмілеге келдік. Ол маған көйлек тігіп беретін болды, өйткені мен сымбаттымын. Ал сымбатты әйелдерді дизайнерлер жақсы көреді. Мен бүгін 45 жастамын, 53 килограммын, кейбір дизайнерлер сымбатты әйелдерді көре алмайды. Өйткені өздері семіріп, тамақ жеп жатады үйлерінде. Сынды айтып қойып, аяқты көтеріп, шемішке шағып…» – деп түйіндеді сөзін әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Сыйлыққа берілген күрте: Қайрат Нұртастың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Жанар Айжанова: Кешеден бері Тұңғышбай ағадан ұялып жүрмін

Аша мен Арман қыздарының есімін Асылым деп қойды (видео)

Қазақстандық жұлдыздар тойдан қанша табыс табады?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 20 сағат кері

Ааа

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар