Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсініксіз вирусты әлемге тарататын кім?

Құрамында Қытай мен Австралияның ғалымдары бар халықаралық деңгейдегі бір топ мамандар әлемде 1400-ден аса вирус бар екенін дәлелдеді.

31951-6-t_s_n_ks_z_virusty_lem_ru

Тіпті 100 –ден аса аты осы күнге дейін  мамандарға мәлімсіз болып келген вирустар бар. Оны зерттеудің өзі ғалымдарға оңайға соқпайды, деп жазады Айқын газеті.

Бірақ белгілі болған бір нәрсе, вирусология саласының маманы Эдвард Холмстың  болжамынша, миллион жылдардан бері зиянды бактериялар мен вирустарды негізінен насекомдар, өрмекшілер мен әртүрлі құрттар тасымалдап, таратушы болып отыр. Маман жоғарыдағы жәндіктерде 1400-ден астам вирус бары осы уақытқа дейін ешкімнің басына кіріп-шықпағанын айтады. Сондай-ақ, егер адам зиянды вирустан зардап шеккен жағдайда оларды түпкілікті зерттеу туралы да еш маман ойланбаған. Эдвард Холмс жәндіктерді зерттеу барысында жаңа технологиялық жабдықтарды пайдаланған.  Оның болжамынша, адамзатқа келіп жатқан вирустың барлығы да  насекомдар, өрмекшілер мен әртүрлі құрттардан тарап отыр.  Бірақ Холмстың тұжырымына мамандардың көпшілігі келісе бермеуі де мүмкін. Шындығында, вирус тарататын жәндіктер бар, «бірақ оларға адам баласының жақындауына болмайды» деген түсініктен ада болуымыз  керек.

Ақиқаты, соңғы ондаған жылдарда әлемді бұрын-соңды кездеспеген ауру түрі шарлап кетті. Түсініксіз аурудың салдарынан он мыңдаған адам қайтыс болды. Бір қызығы, түсініксіз сырқат тосын  келгенде ғана адамзат ойланып, одан сақтануға кіріседі. Құс тұмауы, шошқа тұмауы, Зика, Эбола сияқты түсініксіз эпидемиялар соңғы жылдары пайда болған жұқпалы аурулар. Мысалы, бір ғана Эбола жұқпасы 2014 жылы бүкіл жер шарындағы халықты алаңдатты. Алғаш рет Конго Республикасының Эбола өзенінің жағасында тіркелген бұл эпидемия кейіннен осы өзеннің атауымен аталып ғаламға мәшһүр болды. Эбола ауруы жұққан адамдардың 90 пайызы өледі, 2014 жылы бұл жұқпалы вирус тараған сәтте мамандардың дерегінше, адамдардың өмірден кетуі шамамен 60-70 пайыз шамасында болды. Ал Эболаны таратушы қай жәндік? Мамандар мұны түнде ұшатын жарқанаттан көріп отыр. Ресейдің иммунология және  вирусологии ғылыми зерттеу институты эпидемиология және  микробиология бөлімінің мамандары шын мәнінде Эбола вирусы жарқанаттан тарайтынын дәлелдеп шықты.

Осы ғасырдың басында әлемді шошытқан құс тұмауы ғалам бойынша жүздеген адамның өмірін алып кетті. Мысалы, құс тұмауыалғаш рет 2003 жылы  Шығыс Азия елдерінде орын алды. Жабайы құстардан үй шаруашылығындағы құстарға тарап, одан адамға жұққан. Түсініксіз  вирустан емделудің жолын таппай көптеген адам қайтыс болды.  Вьетнамда – 42, Тайландта – 14, Индонезияда – 12, Камбоджада – 4, Қытайда – 6 және Түркияда – 2 адам қаза тапқан. Ауырған үй құстарының көзін жою және сау құстарды емдеу шаралары жүргізілгенімен,  төтеннен келген сыртқаттан құтылу үшін күдікті вирусы бар делінген 150 миллиондай құс жойылған.

Мысалы, доңыз тұмауы маусымдық сыртқатқа жатқанымен, ол да бүгінгі күнде өткір күйінде тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректеріне қарағанда, бірнеше айдың ішінде әлемде 800-дей науқас осы аурудан көз жұмған. Бірақ кейбір елдерде емделмеген адамның өзінен-өзі осы аурудан жазылып кету дерегі де де тіркелген.

Бірақ кейбір сарапшылар соғыс ошағы тұтанып, қарулы қақтығыстар орын алып жатқан елдерде  жағдайы жоқ қорғансыз адамдар арасында белгісіз сыртқаттың тосыннан көбейетінін де айтады. Әрине, бұл түсінікті де шығар. Өйткені, ішерге ас, киерге киім таппай, санитарлық тазалығы жоқ ауданда тұрып жатқан адамдардың ағзасы алдымен кез келген сырқатқа жақын келеді. Қаншалықты рас екендігі белгісіз, 1979-1989 жылдар арасында Еуропаға таралып кеткен құрт ауруының салдарын қарт құрлықтың мамандары Кеңес Одағынан көреді екен. Мұның себебі неде? 1979 жылы Ауғанстанға тосыннан соғыс жариялаған Кеңес Одағы осында ондаған жыл қалғаннан кейін мұндағы халық арасында құрт ауруын (туберкулез)  таратып жіберген деген қауесет те бар.  Кох таяқшасы мыңдаған адамның өмірін жалмап, сырқатына ем іздеген, мыңдаған мигранттар Еуропаға қарай үдере көшкен. Ғалымдардың пайымдауынша,  саяси тұрақсыздық пен соғыс ошағы қызып жатқан аумақ міндетті түрде әртүрлі деңгейдегі инфекциялық бактериялар мен вирустарды таратудың ошағына айналады екен.
Бір кездері «СПИД – те адамзаттың қолынан жасалған емі жоқ жұқпалы ауру» деген тұжырымдар да айтылған. Кейбір мамандар  белгісіз лабороторияларда жәндіктерге   вирус егіліп, адамзатқа сынақ жасалуы үшін әдейі жіберіледі  деген күдікке толы пікірге ерік береді. Құс тұмауы, шошқа тұмауы, Зика, Эбола және тағы басқалар…

Бірақ, араға ондаған жылдар салып, ғаламға вакцинасы жоқ  тосын ауру тарап жататыны рас.

… Сонда түсініксіз вирусты әлемге тарататын кім?

Талқылау