Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеден шығуына 2 ай қалған: Шымкент тұрғыны ақталып шықты

Бас прокуратураның наразылығы бойынша, заңсыз сотталған Шымкент қаласының тұрғыны бостандыққа шығуына екі қалғанда ақталып шықты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Түрмеден шығуына 2 ай қалған: Шымкент тұрғыны мерзімін өтеп бітерде ақталып шықты

«2015 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты ірі көлемде ұрлық жасағаны және ұрлық жасауға шабуыл үшін Д. Мырзақұлов есімді қала тұрғынын үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Қылмыстық істі тергеу нәтижелері бойынша бас прокуратура іс бойынша көрсетілген дәлелдемелерді жалған деп танып, сотталушының кінәсінің дәлелденбегенін анықтады», – деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметінен.

2018 жылдың 16 қазанында жоғарғы сот бас прокуратураның дәлелдерімен келісіп, Шымкент тұрғынын кінәсіз деп таныды. Бірақ, ол осы уақытқа дейін үш жыл, екі ай және 20 күн өзіне берілген мерзімді өтеді. Оның бостандыққа шығуына екі ай және 10 күн қалған еді.

Сондай-ақ, жоғарғы сот бас прокуратураның наразылығы бойынша 2016 жылы жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін жауапқа тартылған тараздық әйелді ақтап алды. Ол 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына және бір жыл алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын.

«Қылмыстық кодекстің «жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бабына сәйкес, жазатайым оқиға орын кетіп қалған адам апат салдары ауыр болған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда зардап шегуші орташа ауыр дене жарақатын алған», – деп түсіндірді бас прокуратурадан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау