Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеде жүкті әйелді камераға қамап, жалғыз босануға мәжбүрледі

Австралияда жүкті әйел түрмеде жалғыз босануға тура келді. Әйелді босандыруға ешкім көмек көрсетпеген.

Оқиға Батыс Австралия штатында Бэндиап әйелдер түрмесінде болды. Медицина мамандары әйелге парацетомол беріп, камераға жібереді. Медбике әйелдің толғағы жайлы ешкімге хабарламаған.

Жазасын өтеуші әйел кешкісін толғағы қысқанын тағы айтқанымен ешкім құлақ аспайды. Тек бір сағаттан соң медбикелер келеді. Бірақ камера кілті өзге қызметкерде болғандықтан, ішке кіре алмайды. Олар босанушы әйелге сыртта тұрып кеңес берді. Әйелді сол күні ауруханаға жеткізді.

Осыдан соң Австралияның әділет министрлігі тергеу жүргізді. Бұл адамды кемсіту және қауіпте қалдыру деп танылды.

Оқиғаның осылай болуына мерзімі жақындаған жүкті әйелді қамау туралы шешім, байланыстың жеткіліксіздігі, қызметкерлердің жұмысына салғырт қарауы себеп болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау