Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеде жазасын өтеуші телефонмен хабарласып Көкшетау тұрғындарының зәресін алған

Түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушы телефонмен өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып,  Көкшетау тұрғындарының зәресін алған.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жазасын өтеуші  тұрғындардан “жақының істі болып, тәртіп сақшыларының қамауына алынды, құтқарып қаламын десең, ақша бер” деп бопсалап келген.  Алайда оның арам ойы жүзеге аспай қалды.

Өткен айдың аяғында Клара Төлегеноваға жасырын нөмермен қоңырау шалынады. Телефонды көтеріп жауап бергені  сол-ақ екен, қызының еңкілдеп жылап тұрған дауысы естіледі.

– “Дауысы кәдімгідей айнымайды. Мама мені подставили дейді. Наркотикпен ұстап алды. Қазір қасымда УПБН-нің адамы отыр. Соған телефонды беремін дейді. Телефонның ар жағынан өзін Қайрат Қожахметов деп таныстырған алаяқ қызымды  босату үшін 150000 теңге сұрады”, – дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Клара Төлегенова.

Бұл қоңыраудан соң Клараның жүрегі ұстап, есінен танып құлаған. Үйінде бірге болған ұлы жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер  есін жиғызып алады. Одан соң  Клара 150 мың теңгені іздей бастайды. Алайда ұлы сабырға шақырып, қызының телефонына хабарласып көреді. Сөйтсе қызы дін аман, жұмыс орнында отыр екен. Жәбірленуші осыдан соң полиция қызметкерлеріне хабарласады. Бүгін сол  алаяқтың ұсталғаны белгілі болды.

“Ұсталған азамат 1986 жылы туылған. Павлодар қаласының тумасы. Тараз қаласынын ұсталды. Оған Қылымыстық кодекстің 190 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұялы телефоны айғақ зат ретінде тәркіленді”, – дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Мұндай хабарламамен азамат Көкшетау қаласындағы тағы бір тұрғынға хабарласқан. Журналистік қызметте жұмыс істейтін ол қоыңрау шалған азаматтың тұрғылықты жерін анықтауға көмектескен. Анықталғандай, тұрғындардың зәресін алған адам  Тараздағы түрмеде жатып, осындай  қылмысқа барған. Ұсталған жазасын өтеуші 2007 жылы 13 жылға бас бостандығынан айырылған екен. Қазір оның қолына телефон қалай түскені  анықталып жатыр. Бұған түрме қызметкерлерінің қатыстылығы тексерілуде.

 

Талқылау