Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияның танымал басылымында “Н.Назарбаевқа алғыс” мақаласы жарық көрді

Түркияның танымал “Өнже ватан” газетінің кезекті санында “Назарбаевқа алғыс” атты көлемді мақала жарық көрді. Онда Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға қосқан Елбасының үлесі жоғары бағаланып, түрік халқының шынайы құрметі мен дән ризалығы кеңінен баяндалады.

cda3836ac672d341d92183dbcb7ec6c5_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Түркия Премьер-министрі Бинали Йылдырым да араздасқан қос елді татуластырғаны үшін Қазақстан көшбасшысына алғыс жаудырған болатын.

Ыстамбұлда күніне 30 мың данамен жарық көретін беделді басылым Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңіне шегініс жасап, 25 жылда қол жеткен толайым табыстары жайлы оқырман қауымға толыққанды ақпарат беруге талпынған.

Мақала авторы, “Өнже ватан” газетінің ақпарат бөлімінің жетекшісі Кемал Саллы: “Қазақстан қысқа ғана мерзімде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан бастап, аймақтық және халықаралық маңызды ұйымдарға төрағалық міндетін абыройлы атқарып шықты. Енді БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүше болып сайлануы – күллі әлемнің қазақ еліне артқан зор сенімі”, -дейді.

“Нұрсұлтан Назарбаевтың “Әлем.XXI ғасыр” манифесінде әлем жұртшылығын бейбітшілікке үндеп, халықаралық терроризммен күресте күш біріктіруге шақырған болатын. Бұл бастама өзінің өміршеңдігін дәлелдеуде. Әлемнің жетекші елдері ұсынысқа құлақ асулары қажет. Сондай-ақ қазақ елі адамзатты қырып-жоятын зұлмат қарудан өз еркімен бас тартқан тұңғыш мемлекет ретінде дүниежүзіне үлгі-өнеге көрсетті. Мен осы мақаламда Қазақстанның 25 жыл ішінде ішкі және сыртқы саясатта жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталып, Назарбаевтың көшбасшылық қасиетін оқырмандарға нақты дәлелмен талдап беруге тырыстым. Себебі оның абырой-беделінің арқасында бүгінде Түркия мен Ресей арасындағы байланыс қайта жанданып, екіжақты дипломатиялық қарым-қатынас оңала бастады. Сол үшін Қазақстан Президентіне біздің алғысымыз шексіз”, – деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев 76 жасқа толды

Ердоғанның Путиннен кешірім сұрамағаны белгілі болды

Ердоған Назарбаевты алтын түстес сарайында қарсы алды

Талқылау