Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияның Диярбакыр қаласында жарылыс болды

Түріктің бұқаралық ақпарат құралдары Диярбакыр қаласындағы полицей учаскесінің маңында қуатты жарылыс болғанын нақтылады.

жедел жәрдем

Куәлердің айтуынша, учаскенің жанында машина жарылған, оған бомба қойылды деген болжам бар. Журналистердің деректеріне сәйкес, жарылыс салдарынан әйел адам баласымен бірге қаза тапқан, 22 адам зардап шекті, деп хабарлады Би-Би-Си.

Ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.

Бұл соңғы екі күнде Түркияда орын алған екінші жарылыс. Таңертең 12 қаңтарда Ыстамбұлда жанкешті жарылғыш затты іске қосқан. Салдарынан 10 адам қаза тапты. Олардың 8-і неміс туристері.

Талқылау