Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы терактіні жасөспірім жасаған

Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласындағы терактіні жасаған жанкештінің жасы 12-14 шамасында болған. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осылай мәлім етті.

20160821194612

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның айтуынша, жарылғышты жанкештінің өзі немесе басқа бір адам іске қосқан. Шабуыл неке тойы кезінде жасалған. Салдарынан 51 адам қаза тауып, тағы 69 адам жарақұат алды, оның 17-і ауруханада ауыр халде жатыр. Оқиға орнынан жанкештінің белдігі табылды.

Әзірге лаңкестік топтардың ешқайсысы террорлық актіні мойнына алмады. Алайда Ердоған шабуылды ДАИШ ұйымдастырды деп мәлімдеді.

“Еліміз бізге шабуыл жасағандарға тек: “сендер мақсаттарыңа жете алмайсыңдар!” деп жауап қатады” – деді түрік басшысы.

Талқылау