Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы президент сайлауында Ердоған жеңіске жетті

Түркияда президен сайлауында Режеп Тайып Ердоған көп дауыс жинады.

Түркиядағы президент сайлауында Ердоған жеңіске жетті

Түркия әлемге демократия сабағын үйретті деп мәлімдеді Ердоған.

«Сайлауға келушілер саны 90 пайызға жетіп, әлемнің көптеген елдеріне үлгі көрсеттік. Ең бастысы Түркияның барлық жерінде сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейде болғанына көңіліміз толады», – деді түрік көшбасшысы.

Ердоған халқын бірлікке шақыра отырып, ұлт мүддесі үшін қызмет етуге үндеді, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.

«Сайлау алды кезеңдегі болған барлық өкпе-ренішті, келіспеушілік пен ұрыс-керісті артта қалдыру керек. Еліміздің болашағы үшін күш-жігерімізді ортақтастырар кез келді», – деді мемлекет басшысы. Президент сайлау үдерісі мен дауыс беру нәтижелерін сынаудан бас тартуға үндеді.

«Ешкім өзінің сәтсіздіктерін жасыру үшін сайлау үдерісіне көлеңке түсірмеуі тиіс», – деді Ердоған.

Ердоған 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында дайын екенін алға тартты. Түркия елі Ердоғанның жетекшілігіндегі Әділет және даму партиясының жеңісін атап өтуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау