Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы отандастарымыз жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтып берді

Түркияның Стамбул қаласында болған терактіден қаза тапқандар саны 44 адамға жетті. Олардың басым бөлігі тәртіп сақшылары. Тағы 160-қа тарта адам ауыр жараланған. Қазір бұл елде кезекті рет ұлттық аза тұту күні жарияланып, тулар төмен түсірілді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

074A7287-358B-4A0A-9EA7-5B3947A25118_w987_r1_s

Фото: Reuters

Осы екі бірдей терактіде зардап шеккендер арасында отандастарымыз жоқ деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі. Дегенмен, жарылыстарға байланысты, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанда басталуы тиіс мемлекеттік сапары кейінге қалды.

Түркия халқы үшін кеше тағы бір ұлттық аза тұту күні. Соңғы кездері ойын-сауықтың доғарылып, тудың төмен түсірілуі жиілеп барады. Жарылыстарға да жұрттың еті әбден үйреніп кеткен сыңайлы. Тұрғындар алғашында қатты шошынып қалғанымен, қазір тірліктерін қалыпты жағдайда жалғастырып жатыр.

Қазір қос жарылыс болған Стамбул қаласында тұрып жатқан отандастарымыз көп. Құдай сақтап, оқиғадан олардың ешқайсысы зардап шекпеген. Дегенмен, басым бөлігі қанды оқиғалардан кейін елге қайта көшіп келуді көздеп отыр. Солардың бірі – оралдық Гүлназ Ырысова. Ол 2 жылдан бері бірнеше терактінің куәгері болған.

“Қорқып қалдық. Біраз тынышталып келе жатыр еді. Қайтадан басталды”, – дейді Гүлназ Ырысова.

Қазір елдегі қауіпсіздік шаралары одан әрі күшейтілді. Қоғамдық орындарда адамдар жіті тексерілуде. Ал, көшелерде тәртіп сақшылары топ-тобымен жүр. Айта кетсек, қаладағы бірінші жарылыс жергілікті командалар арасында футбол ойыны болып жатқан стадионда болған. Бомба полицейлер автобусының қасында тұрған көлікке жасырылған екен. Соған қарағанда, қаскөйлер тәртіп сақшыларын әдейі көздеген болуы мүмкін.

“Біз оқиғаны өз көзімізбен көрдік. Алдымен бірдеңе жарқ ете қалды. Сосын қатты дыбыс шықты. Алғашында бұл отшашу деп ойлап, жайбарақат жүрдік. Жарылыс екенін кейін естідік”, – деді оқиға куәгері Алена Яровая.

Ал, санаулы секундтардан кейін, стадионнан аяқ аттам жердегі саябақта екінші жарылыс болған. Мұнда полицейлерден қашқан жанкешті өз-өзін жарып жіберіпті. Қаза тапқандардың 36-сы полицей, қалғаны бейбіт тұрғындар. Қастандықты «Күрдістанның бостандық қаршығалары» деп аталатын лаңкестік ұйым мойнына алып үлгерді. Қазір елдің әр аймағында тұтқындау шаралары жүріп жатыр.

Кешенің өзінде 118 адамның қолына кісен салынған. Өз кезегінде Елбасы қара жамылған Түркия халқына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Оқи отырыңыз:

Әлемдегі пәктігін сақтаған ең қарт қария нәпсіні тыюдың сырын айтты

Желіде Стамбұлда болған терактінің видеосы жарияланды

Дағыстанда екі қыз ұятсыз SMS жіберген жас баланы зорлап кетті

АҚШ-та ер адам 11 жасар қызды көлігімен қағып, содан соң зорлап кеткен

Талқылау