Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда 23 адам құрбан болған жол апатының видеосы жарияланды

Түркияның оңтүстік-батысындағы Мармарис қаласы маңында туристер мінген автобус апатқа ұшырап, кем дегенде 23 адам қаза тапты.

Түркияда 23 адам құрбан болған жол апатының видеосы жарияланды

Алдын ала ақпараттарға қарағанда, апаттан жапа шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады Анадолы агенттігі.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің мəліметіне қарағанда, жол апатынан зардап шеккендердің барлығы түркиялық азаматтар.

«23 адам мерт болып, 11-і жарақат алған. Мұғла провинциясы əкімшілігінің ресми мəліметіне сəйкес, апат салдарынан қаза тапқан жəне жарақат алғандардың барлығы Түркия азаматтары. Шетелдіктер жоқ», – делінген Елшілік таратқан ақпаратта.

Шетелдік БАҚ-тар губернатор орынбасары Камиль Кетенге сілтеме жасап хабарлауынша, көлікте Измир провинциясының туристері болған, олар Мәрмәриске саяхатқа бара жатқан. Зардап шеккендердің дені әйелдер мен балалар. Автобуста барлығы 43 адам болған.

 

Талқылау