Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда мұғалім оқушы баланы аяқ киіммен сабады

Түркияның солтүстік-батысында орналасқан Мәрмәр аймағындағы Caybasi Koran Boarding School ислам мектеп-интернатында мұғалім 12 жастағы оқушыны аяқ киіммен сабалаған. Сабақ Құранды оқу ережесі бойынша өткізіліп жатыпты.

618a6e261ab68a1d4328e301e8c90add__1440x

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Мұғалім баланы қари болуға (Құранды түгел оқитын адам) дайындап жатқан. Кейін белгілі болғандай ұстаз оқушыны үй тапсырмасын орындап келмегені үшін жазалаған.

Бала ұруды тоқтатуын жалына өтінгенімен, ұстазы алған бетінен қайтпай төпелеп тастапты. Кейінірек оқиғаны тексеруді елдегі дін істері бойынша мемлекеттік басқарма өз бақылауына алған. Баланың туыстары да мұғалімді жазалауды сұрап петиция берген.

Осы жылдың 15 қаңтарында мұғалім қамауға алынып, жұмысынан кетіпті.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық жігіт АҚШ президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Францияда мұсылман оқушыларды шошқа етін жеуге мәжбүрлеуде

40 сағат қар астында: Қонақ үйдегі көшкін астында қалған 6 адам табылды

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде пакет қаптап жүр

Талқылау