Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда демалып жүрген әнші МакSим шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Көпшілікке МакSим бүркеншік есімімен танылған белгілі әнші Марина Максимова Түркияда ауырып қалып, жедел түрде ауруханаға жатқызылған.

122428_top917

Бұл туралы dni.ru хабарлайды.

Дәрігерлер әншінің гостритке шалдыққанын хабарлаған. “Ол бұл уақытта Түркияда демалып жатқан. Ресейге жедел түрде қайтуына тура келді. Мұнда Марина ауруханада жатыр. Бірақ, уайымдауға еш негіз жоқ, бәрі тәртіп бойынша жүріп жатыр”, – деді әншінің ресми өкілі.

Әнші осыған байланысты мамыр айына жоспарлаған концерттерін бермейтін болды. Сонымен қатар, ол RU.TV телеарнасының музыкалық марапаттау салтанатына да қатыса алмайды.

33 жастағы МакSим “Алтын граммофон” сыйлығын 13 мәрте жеңіп алған. Знаешь ли ты», «Мой рай», «Заведи», «Не отдам», «Ветром стать», «Отпускаю» және «Прохожий» секілді хит әндердің орындаушысы.

Оқи отырыңыз:

Люксембургтің бірінші “ханымы” әлем көшбасшыларының жұбайларымен кешкі ас ішті

АҚШ президенті Черногория премьер-министрін итеріп жіберіп, дөрекі қылық жасады (видео)

Леонардо Ди Каприоның жаңа сүйіктісі пайда болды

2017 жылдың ең сексуалды әйелінің кім екені жарияланды (фото)

Талқылау