Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия вице-премьері: Нұрсұлтан Назарбаев – басымызға бұлт төнген кезде бізді қолдауға келген бірінші президент

Түркия премьер-министрінің орынбасары Тұғрыл Түркеш журналистерге берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапармен келгеніне ерекше ризашылық білдірді.

s-32700d4b575f0597b5bc24f34bcf20738f980ab7

Фото: ru.sputnik.az

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Назарбаевпен әр кездесу нәтижелі өтеді. 15 шілдеден кейін ол бізді қиын кезде қолдау үшін келген алғашқы мемлекет басшысы. Ол төңкеріске қарамастан өз ұстанымын өзгертпеді. Бұл бізге үлкен қолдау болып отыр”, – деді Туркеш.

Вице-премьер Қазақстан мен Түркия арасында үлкен қашықтық болғанына қарамастан, екі елдің арасында тығыз экономикалық байланыс орнағанын айтты.

“Алайда соңғы кездері сауда көрсеткіші төмендегенін байқап отырмыз. Бұл экономикалық дағдарысқа байланысты. Қазір дайын өнімді ғана сатамыз. Қазір бірлесіп, бірлескен өнім шығаруымыз керек. Бұл үшін Қазақстанда мол мүмкіндік бар, оған қоса географиялық орны да қолайлы. Өйткені оның жанында Қытай мен Ресей тұр”, – деп атап өтті Т. Туркеш.

Бұған дейін Түркияда әскери төңкеріс әрекеті орын алып, елді дүрліктірген болатын.

Талқылау