Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия Су-24 ұшағына өтемақы төлемейтінін мәлімдеді

Түркия Сириямен шекарада атып түсірген ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағы үшін Ресейге өтемақы төлемейді.

aa6da7005c4fa5a4c0cf0936b94

Бұл туралы 16 желтоқсанда Түркия сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Танжу Билгич мәлімдеген.
Оның алдында Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Мешков Түркияны әскери ұшақты атып құлатқаны үшін өз еліне өтемақы төлеуге шақырған.

24 қарашада түрік әскери-әуе күштері «Түркия әуе кеңістігін бұзып, ескертулерді елемеді» деген уәжбен Сириямен шекарада ресейлік бомбалаушы Су-24 ұшағын атып түсіріп, ұшақтағы екі ұшқыштың бірі қаза тапқан. Бірақ Ресей ұшақтың «Сирия әуе кеңістігінен шықпағанын» мәлімдеп, кейін Түркияға қарсы экономикалық санкциялар енгізген.

 

Талқылау