Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия премьері халықтың мәселесін тыңдау үшін таксиші болды (видео)

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым ел азаматтарын толғандырған мәселелерді өз ауыздарынан есту үшін тиімді әдіс тапты.

xlarge

Осы мақсатта министрлер кабинетінің басшысы Анкарада такси рөліне отырды. Үкімет басшысының “жаңа қызметі” барысы жазылған таспа YouTube желісінде кең тарап кетті.

Бейнежазбада жолаушылардың премьер-министрдің таксист болып отырғанын көргенде таңдана қарағаны анық көрінеді.

Үш сағат ішінде Йылдырым астаналықтарды тегін тасымалдады, олармен әртүрлі тақырыпта әңгімелесіп, өтініш-тілектеріне құлақ асты. Қала тұрғындары өз кезегінде премьер-министрге әлеуметтік-экономикалық, денсаулық сақтау саласы және терроризм мәселелері алаңдататынын жеткізді.

Талқылау