Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия емханасында отаны дәрігерлер емес, роботтар жасайды

Түркия еліне демалуға барып, қазақстандықтар аяқ асты сырқаттанып қалған жағдайда «Аджибадем» емханалар желісінің тағы бір бөлімшесі есігін айқара ашты.

68818a5afdef8ac1ea28352eeceebd14
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Заманауи технологиялармен жабдықталған емхана аурулардың кейбір түрін пышаққа түспей-ақ емдеп шығады екен. Ал отаны дәрігерлер емес, хирургиялық роботтар жүргізеді.
Түркиядағы Бодрум қаласының тұрғыны Айфер Гюнерен 70 жаста. Бір баланың анасы алты жылдан бері толық ем алумен келеді екен. Жақында ғана сүт безі ісігінен емделіп шыққан әйел, енді сүйектерге дейін жеткен қатерлі ісіктердің ошағын жоюға барымды салып жүрмін дейді. Сөзінше, қорқынышты диагнозды «Аджибадем» емханасының қызметкерлері уақытылы анықтаған.
Айфер Гюнереннің айтып тұрған жаңа медициналық әдісін «Аджибадем» емханалар желісінің бөлімшелері жақында ғана қолдана бастаған. Емнің бұл түріне, тіпті бір ай бұрын ғана ашылған Стамбул қаласындағы «Аджибадем» холдингінің емханасы да көшкен. 100 мың шаршы метрлік медициналық мекеме 350 орынға белгіленген. Мыңдаған адамды қабылдайтын екі мың дәрігер күніне 40-тан астам ота жасайды.
«Acibadem» емханаларында ең ауыр онкологиялық ауруларға, жілік майын ауыстыру, эстетикалық косметологияға оталар жасалады. Бөлімшедегі заманауи құрылғылардың арқасында кейбір оталар хирургиялық пышақсыз, арнайы аппаратпен роботтың көмегімен өтеді.
Бұл медициналық құрылғы ең ұсақ қатерлі ісіктерді анықтауға көмектеседі. Яғни бір көрініс арқылы сәулелендірудің аз мөлшерімен ағзаны жан-жақты зерттеп, диагнозды нақты қояды. Ерекшелігі сол, бұл аппарат адам бойындағы қауіпті ісіктерді қимыл барысында табады екен.
Ақ халаттылардың айтуынша, медициналық көмекке әсіресе, онкологиялық дертке шалдыққан қазақстандықтар жүгінеді екен.
«Аджибадем» холдингінің алғашқы емханасы Стамбул қаласында 1991 жылы ашылған. Қазір саны 22-ге жеткен емханалар әлемдегі 5 мемлекеттің халқына қызмет көрсетуде. Бір Түркияның өзінде ғана 18 емхана жұмыс жасайды.
Талқылау