Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия АҚШ-тан келген темекі, опа-далап, араққа баж салығын екі есе өсірді

АҚШ санкциялары түріктің лирін құлдыратқан соң, Түркия оларға жауап қайтаруға кірісті. Бұл туралы Риа Новости  хабарлайды.

Анкара Америкадан келетін танымал 22 тауарға баж салығын көбейтті. Осыдайша АҚШ-тан тасымалданатын темекі, күріш, опа-далап, көлік, араққа деген бір жылдық баж салығы 533 миллион долларды құрады.

Тамыз айының оны күні АҚШ президенті Дональд Трамп Түркиядан келетін алюминий мен болатқа баж салығын 20 пайыздан 50 пайызға көтеру туралы шешім қабылдағанын айтты. Бұл шешім түркиялық лирдің қатты құлдырауына алып келді. Түркиялық валютаның тарихында мұндай жағдай болмаған. Ал Ақ үйде бұл шешім “сауда сұрақтарына қатысты” қабылданған жоқ деген мәлімдеме жасалды.

Түркия АҚШ санкцияларына жауап ретінде ел президенті Тайып Ердоғанның бұйрығымен америкалық тауарларға деген баж салығын өсірді. Жақында Түркияның көшбасшысы АҚШ-та жасалынатын Iphone сынды электронды техниканы тасымалдау тыйым салынатынын мәлімдеді.

Талқылау