Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жоғалып кеткен студент құрбысының үйінен табылды

Түркістанда жоғалып кеткен медициналық колледж студентін ОҚО полицейлері тауып алды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

photo_186380

Сурет vk.com

Түркістандағы қылмыстық полиция қызметкерлері қызылордалық студент Ғазиза Қайратованы құрбысының үйінен тапқан.

“Қыздың туыстарынан оның жоғалып кеткендігі туралы хабар түскеннен кейін, полиция дереу іздеу жұмыстарына кірісіп кетті. Қыздың денсаулығы бәрі жақсы. Кездесуге анасы шақырылды”, – деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Жоғалып кетудің себебі әлі белгісіз.

Талқылау