Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда өзін-өзі өртеген студент қайтыс болды

Түркістан қаласында өзін өртеген студент  ауруханада қайтыс болған.  Бұл туралы қаладағы  орталық аурухананың бас дәрігері орынбасары  Хамза Досжанов хабарлаған.

383868745

« Ол 12 мен 13 қараған түнде қайтыс болды. Оның денесінің 92% күйік шалған еді»,- дейді  Хамза  Досжанов.

7 желтоқсан күні  кешкі сағат 23:00 шамасында қалалық  ІІБ 20 жастағы азамат өзін өртеп ауруханаға  түсті деген хабар жеткен. Сол кезде ақ баланың денсаулығын тексерген дәрігерлер денесінің 90% күйік шалған деген еді.

Болған жайтты полиция қызметкерлері бірден тіркеуге алып сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кеткен еді. Іс өз-өзіне қол жұмсауға алыпбару, мәжбүрлеу бабы бойынша қаралды. Оқиғаға баланың әкесі куә болған. Оның сөзінше кешкі уақытта сыртта ит қатты үре бастаған. Шығып қараған сәтте баласының өртеніп жатқанын көріп алғашқы көмек көрсеткен. Отты өшіргеннен кейін бірден дәрігер шақыртып қалалық ауруханаға жеткізген еді.

Талқылау