Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда екі баланың анасы өзін көршісі зорлап кеткенін айтты

Көршісінен зәбір көрген Түркістандық келіншек әділдікке жете алмай жүргенін айтады. Екі баланың анасын ауылдасы зорлап тастапты. Арада бірнеше ай өткенімен қаскүнемді жауапқа тарта алар емес.

Бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Қайда барсам да, өзімнің ар-ұятымның аяққа тапталғанын дәлелдей алмай, дәрменсіз күйге түстім, дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Түрін көрсетіп, атын атамауды өтінген мына келіншек өткен жылдың сәуір айында ар намысым аяққа тапталды, дейді. Кешкісін есік алдында отырғанда көршісі күштеп алып кетіп, зорлаған көрінеді. Бір емес екі рет жыныстық қатынасқа түскен. Болары болып, бояуы сіңген соң үйіне қайта әкеп тастапты.

“Сараптамаға барып едім, ол жерде ешкім мені шешіндіріп көрген жоқ денемді. Болды, кете беріңіз өзіміз жібереміз жауабын деді. Сонымен арада бір ай уақыт өтті тергеуші сараптаманы келіп танысыңыз деп шақырды соған барған едім денесінде ештеме жоқ, тап таза деп берген” – дейді жәбірленуші.

Міне, содан бері он екі ай өткен. Жәбірленушінің қақпаған есігі қалмапты. Түркістандық мамандардың сараптамасына көңілі толмай, Шымкентке де барған. Бірақ, онда да тауы шағылып қайтса керек. Өкініштісі сол, қылмыс құрамын анықтауы тиіс тергеуші ең соңында күдіктінің сөзін сөйлеп кетті, дейді. Тіпті, қылмыстық іс жарты жолда қысқартылған көрінеді.

“Ол жігіт о баста менің арыз жазуға барғанымда айтқан еді, бұл үш иттің аузын жаптым енді сен не сұрайсың деді маған. Сол жерде жаңағы тергеуші бар, ұстаған үш полиция бар, сол жерден барлығы ах-ах-алап барлығы күліп шықты” – дейді жәбірленуші.

Дегенмен, тәртіп сақшылары құр қарап отырмағандарын айтады. Шағымданушының арызы негізінде күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 120бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліпті. Бір емес екі рет сараптама жасалған. Алайда, бірде біреуінде зорлықтың ізі байқалмады дейді.

“Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында жәбірленуші сот медициналық сараптама, қосымша сот медициналық сараптама тағайындалды. Олардың қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің үстінде қандай да бір дене жарақаты орын алмаған. Яғни, жәбірленуші өз арызында көрсетілген арыздар өз дәлелін таппады” – дейді облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Мәлік Қайбар.

Осы күні аталмыш іске қатысты сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жалғасып жатыр екен. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.

Оңтүстіктен әділдік таба алмаған бойжеткен жуырда Астана қаласына барыпты. Бас прокурордың орынбасарының қабылдауында болып, істің ақ қарасын ажыратып беруін сұранған. Іле шала қылмыстық іс қайта қозғалғанға ұқсайды. Қазір, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр екен. Ал, енді оның қандай шешім болатыны белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау