Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғыны жолда 7 көлікпен соқтығысқан

Ақмола облысындағы тас жолда түркістандық азамат 7 көлікпен соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Түркістан облысының тұрғыны жолда 7 көлікпен соқтығысқан

28 қазанда кешкі сағат 21:10 шамасында Астана-Петропавл автожолының 190-шақырымында BMW-520 көлігін тізгіндеген 26 жастағы түркістандық ер адам рульді басқара алмай, қисық сызықты діңгекке соғылған. Мұнан кейін көлік жолға шығып кетіп, ауа райы жағдайына байланысты тағы 7 көлікпен соқтығысып қалды.

Соғылған көліктердің рулінде 36 жастағы астаналық ер адам, Макинканың 35 жастағы тұрғыны, 56 және 58 жастағы көкшетаулық жүргізушілер, Біржан Сал ауданы Мақпал аулының 51 жастағы тұрғыны, Шортандының 38-жастағы тұрғыны мен СҚО-ның Айыртау ауданының 65 жастағы тұрғыны болған.

ЖКО салдарынан BMW-520 көлігінің 2 жолаушысы, сонымен қатар «Ауди Б4» көлігінің 64 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен Бұландыдағы аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Ақмола облыстық ІІД мәліметінше, ЖКО фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау