Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында дәрігерлер тоққа түскен жігіттің аяқ-қолының саусағын кесіп тастады

Түркістан облысында тоққа түсіп зардап шеккен 25 жастағы Асқар Сүйінбаев аяқ-қолының саусағынан айырылды. Ол жұмыс берушілердің заң бұзушылығы анықталғанымен, өз құқығы қорғалмай отырғанына наразы.

Оқиға Балдысу ауылында болған, деп хабарлайды 31 арна.

Басшылары жұмысқа шақырғанда, төрт азаматтан құралған бригада барады. Жетекшісі жұмыс басталмай тұрып, тоқты ажыратқандарын айтады. Бірінші жігіт төбеде, екіншісі қоршаудың үстінде, ал Асқар Сүйінбаев жерде тұрады.

Трансформаторға келетін үш сымның біріншісін ажыратып, екінші сым екі адамнан өтіп, үшінші қолға жеткенде тоқ ұрады.

“Сонымен сымды алып маған берді. Қойдым. Екінші сымды алып жерге қоя бергенімде мені ток ұрды ғой. Қолыма қарасам қолым өртеніп кетіпті”, – дейді Асқар.

Еңбек инспекциясы тексеру бойынша, жұмыс беруші мен жұмысшының кінәсі бірдей деген қорытындыға келді. Алайда оған зардап шегушінің туыстары қарсы.

“Тоқты өшірдім деген. Бұл өшірдім деген кезде барған. Ол өшіп тұрған жоқ. Жұмысты бастаған кезде қосқан мұның бас инженерлері”, –  дейді жәбірленушінің ағасы.

Еңбек инспекциясындағылардың айтуынша, тоқ ажыратылған. Тек сым басқа сымға тиіп кеткендіктен тоқ соққан. Инспекция қызметкерлері кінә екіжақты болғанымен жәбірленуші өтемақы мен жеңілдіктен қағылмайды деп сендірді.

“Жұмысты істеу барысында қандай жазатайым жағдайға ұрынып қалармын деген нәрселер алдын алынбаған. Алайда бұл елу де елу деп белгіленген дәрежесі, бұл ертең Сүйінбаев Асқарға көрсетілетін көмектердің, болмаса өтемақы төлемдеріне, көрсетілетін көмектерге ешқандай бұл әсер етпейді”, – дейді Түркістан облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының еңбек инспекторы Әлжан Мамадалиев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау