Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан қаласына әкім тағайындалды 

Облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түркістан қаласының әкімін таныстырды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласы әкімінің мойнына жүгі ауыр жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

«Түркістанға «тек қазақ елінің ғана емес, бүкіл түркі жұртының зиярат жасайтын қастерлі орны», – деп баға берген Елбасы оның рухани өмірінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің үлкен орны бар екенін, тарихы терең Түркістанның туризм үшін де маңыздылығы ерекше екендігін және қаланың тоғыз жолдың торабында орналасуы сыртқы және ішкі туристер мен жергілікті тұрғындар үшін қолайлы екендігін баса айтты, демек осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет», – деді облыс әкімі.

Әліпбек Өсербаев 1961 жылы туған, жоғары білімді, инженер-химик-технолог мамандығы бойынша білім алған.

Бұған дейін 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау