Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркіменстанда көп әйел алуға заңмен тыйым салынды

Түркіменстанның Отбасы туралы кодексіне көп әйел алуға тыйым салатын ереже енгізілді.

Түркіменстанда көп әйел алуға заңмен тыйым салынды

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылымда Отбасылық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы заңның мәтіні жарияланған. Заңға Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов қол қойған.

Қабылданған заң кодекстің «Түркіменстанда көп әйел алуға жол берілмейтіні» туралы 7-бабын толықтырады.

«Көп әйел алу – бір уақытта екі немесе бірнеше әйелмен тұрып, ортақ шарушалықыты бірге жүргізу»ғ, – делінеді заңдағы өзгертуде.

Аталған заң 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өз күшіне енеді.

Елде көп әйел алу құпталмағандықтан, ол үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Мысалы, Түркіменстанның Қылмыстық кодексі бойынша, көп әйелге үйленген ер адамға қомақты мөлшерде айыппұл салынуы немесе екі жылға дейін түзету жұмыстарына тартылуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау