Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркіменстанда доллар сатуға тыйым салынды

Түркіменстан билігі  халыққа шетелдік валютаны сатуға тыйым салды. Бұл туралы елдің БАҚ хабарлаған. Бірақ АҚШ долларына шектеу қойылғаны жайлы ресми ақпарат жоқ.

туркмения

Өзінің  есімін жасырған Ашхабадтағы  банктердің бірінің өкілі «Доллар енді бағаланбайды» деген. Енді осы елдің халқы банктерден доллар сатып ала алмайды екен, бірақ сатуына болады.

Еуроны сату немесе сатып алуға байланысты қандай да бір ереже орнатылғанына байланысты мағлұмат жоқ. Шетелмен байланыстырылатын аудармаларға түскен  ақшаларын жергілікті халық өз валютасында,ресми  бағам бойынша алып жатыр екен.

Шетелге шыққысы келетін халыққа өзге елдің валютасының орнына тек  Visa карталарын ұсынуда. Барған елде қалаған валютасына ауыстыру мүмкіндігі беріледі.

Өткен жылдың желтоқсанында  елдегі бюджет қызметкерлеріне өзге валютада ұстауға тыйым салынған болатын. Қазан айында елде  долларды сатып алуға шектеу қойылған еді.

Тамыз айында Bloomberg жақын арада құнсызданатын валюталардың тізімін жариялаған еді. Олардың қатарында Түркіменстан манаты да бар еді.

 

Талқылау