Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркіменстан президенті елді өмір бойы басқаратын болды

Түркіменстан меджилисінің депутаттары конституцияға енгізілген өзгерістерді бірауыздан мақұлдаса, президент Құрбанғұлы Бердімұхамедов негізгі заңның жаңа нұсқасына қол қойды.

3213c2da659f61fec0fb6d46e6ec758f

Бұл туралы currenttime.tv хабарлайды.

Енгізілген жаңа заңнамаға сай Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов өмір бойы елді басқару құқығына ие болады: мемлекет басшысына тағайындалатын жас мөлшері жойылып (бұрын 70 жастан аспауы тиіс болатын), президенттік өкілеттілік уақыты 5-тен 7 жылға дейін созылды.

Конституцияның жаңа нұсқасында елді бір адамның қанша уақыт басқаратындығы айтылмаған.

61 жастағы Бердімұхамедов соңғы рет өз кандидатурасын 2012 жылы ақпан айында ұсынған еді (97,14 пайыз дауыс). Ол билік басына Түркіменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан кейін келді. 2006 жылы желтоқсан айында ол Ниязовты жерлеу рәсімін ұйымдастыру комиссиясын басқарды. Содан кейін ел президенті міндетін атқарды.

Жақында ғана оның “Музыка тыныштық, достық және ағайыншылдық” атты кітабы шықты. Жалпы, биылғы жыл басынан бері президент алты кітап жазып тастапты. Ал президент болғалы бері 36 авторлық кітабын ел назарына ұсынған.

Оқи отырыңыздар:

Түркіменстан президентінің көмекшісі Меркелдің көзінше стакандағы суды ауыстырып жіберді (видео)

Түрікменстан президенті немересімен бірігіп жаңа ән жазды

Түркіменстан президенті министрлерін жұмыстан қуып шықты

Талқылау