Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түріктің танымал әншісі Бурай қазақстандық тыңдармандарына тосынсый жасады (фото, видео)

Астанаға Түркияның ұлттық күніне орай танымал әнші Бурай келді. ЭКСПО қалашығындағы Холл Энергияда концерт берген әнші қазақстандықтарға құр қол келмегенін,-деп жазды жанды дауыста ән тыңдап қайтқан Stan.kz  тілшісі.

бурааа

“Қазақстанға екінші рет келуім. Мұнда әр келген сайын жылы шыраймен қарсы алады. Бұл жолы тыңдармандарыма тосын сый жасамақпын. Арнайы қазақ әнін үйрендім.

Неге дейсіздер ғой. Өткен жолы келгенде тыңдармандарым көп екенін аңғардым. Неге қазақтың бір  әнін орындамасқа  деген ой келді. Ойлана келе көпшілікке танымал “Қамажай” әнін үйрендім”,-деді әнші.

Кеште әнші “Құлпынай иісі” телеxикаясындағы “Истерсен” әнін, қаратеңіздіктердің “Наиносын”, сондай-ақ өзін танымал еткен “Сен севдамысынын” тыңдармандармен  бірге шырқады.

Өткен жылы әнші Алматыға келген еді. Қазақстандық өнер жұлдыздарымен бір сахнада ән салған әнші сол кезе-ақ осы елдің жастары өзін жақсы көріп тыңдайтынын байқапты.

«Қазақстан халқымен бауырлас елміз. Осындағы тыңдармандарымның ыстық ықыласын көргенде марқайып қалдым. Алғашында «мені қалай  қабылдайды екен?»  деген қорқыныш болды.

Қазір бұл елге бауырымның үйіне қонаққа келердей қуанып, сеніммен келемін. Алғашқы келген кездегі концертте көптеген әншілермен танысу бақыты бұйырды. Содан бері Төреғали Төреәлі,Қайрат Нұртастармен  жақсы байланыстамыз»,-деді өз сөзінде Бурай.

Концерт соңында Стамбұлға 2 адамдық барып келу билеті және Анталия Кемердегі “Rixos Sungate Otel-іне” 2-7 қазан аралығында демалыс үшін лоторея ойнатылды.

Әуе билетінің бірін Гүлнар Шоқыбаева, екіншісін башқұртстандық Андрей Балашов ұтып алды.

«Мұндай сыйлықты ұтып аламын деп ойламаппын. Тосыннан болған жағдайды қабылдай алмай, толқып тұрмын»,-деді  Гүлнар Шоқыбаева.

Ал Анталияға бір апталық демалыс билетін Қанат Исабеков есімді азамат ұтып алды.

Оқи отырыңыз:

 Атырауда ұрлаған ақшаларын жерге тыққан жігіттер ұзақ мерзімге сотталды

Алматылықтар қатерлі ісікпен күресіп жүрген қыздың арманын орындады (фото)

Қостанайда жазасын өтеп келген азамат жасөспірімді зорлады

Ұшақ апатында қайтыс болған жігіттің әйелі бір айдан кейін босанғалы отыр

Талқылау