Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрік газеті Ыстанбұлда қанды қырғын жасаған террористі Обамаға ұқсатып қойды

Түркияның Yeni Akit газеті өз сайтында және твиттерінде коллаж жариялап, Ыстанбұлдағы терактіні жасаған террористі Барак Обамаға ұқсатып қойды.

C1Wej46XUAgCoNV

Осылайша басылым, түнгі клубтағы қарулы шабуылға Вашингтонның қатысы болуы мүмкін дегенді меңзеп отыр.

Суретте оң жақтағы қылмыскердің суретін Обамаға ауыстырған. Сайттағы материалда әлеуметтік желі қолданушыларының Ыстанбұлдағы терактіге Вашингтонның қатысы бар екенін талқылап жатқанын айтады.

Дегенмен Түркия билігі қылмыскердің шекара асып кетуі мүмкін екенін, бірақ мүмкін болған орналасқан мекен-жайының анықталып отырғанын хабарлады.Айта кетейік, Reina клубында Санта-клаус костюмін кигендер атыс жасап, 39 адам қаза болды. 69 адам жарақаттанды. Бұл терактіні ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымы өз мойнына алды. БАҚ Ыстанбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғанын хабарлады.

Талқылау