Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түлкі көргенін айтқан Жазираны тыңдармандары сынап тастады (фото, видео)

Жол үстінде түлкі көргенін айтқан Жазира Байырбекова сын астында қалды. Желі қолданушылары өздері білетін аңыздарын айтып, бұдан былай әншіге түлкі туралы айтпауға кеңес берді.

13744097_1577475929213224_595659832_n

Фото: instagram.com/zhanbolatzhazira/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық әншілер жазғы демалысын пайдаланып шетел араласа, Жазира мен Жанболат әріптестерінің үйіне баруды жөн көрген. Олар кезекті демалыстарын пайдаланып Шымкенттегі Заттыбек Көпбосынұлының шаңырағында қонақта болып қайтты.

Қайтар жолда әншілер көлікте отырып түлкіні жақыннан көріп қалған.  “Бүгін Заттыбек Көпбосынұлының әдемі шаңырағында қонақ болдық. Заттыбек-Әлия қонақжайлылықтарың үшін көп рахмет! Шымкент-Қызылорда-Жезқазған тас жолында даладағы түлкіні өте жақыннан көрдік”, – дейді Жазира.

13745214_1158337600907060_46368164_n

Бірі видеодағы жануардың түлкі еместігін айтса, енді бірі әншінің әрекетін сынады. Яғни ешуақытта түлкіні көрдім деп айтуға болмайтындығын жеткізді.  Арасында “Жол қалай екен? Енді ол жаққа  бармайтындай болып кеткен шығарсыз” деп әжуалағандар да болды.

“Түлкіні көрсеңіз де, көрдім де айтпаңыз. Бұдан былай ішіңізде болсын!”, “Жол жүргенде түлкі көрдім деп айтуға болмайды”, “Мұны мен шығарып отырған жоқпын. Аңыз әңгімені айтып отырмын. Мен тұратын елде үш батырдың кесенесі бар. Әжем Сеңкібай батырдың әруағы қыран бүркітке, Жидебай батырдың әруағы түлкіге, Бөрібай батырдыкі бөріге қонған деп айтатын. Мен бар болғаны сол үлкендерден естігенімді айтып отырмын.”, “Бір қарағанда қарсаққа ұқсайды екен” дейді желі қолданушыларының бірі.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт кілемді қолмен жуған Жазираның қарапайымдылығына қайран қалды (видео)

Жанболат пен Жазира тыңдармандарын жаңа бейнебаяндарымен қуантты (видео)

Төреғалидің әкесіне шай құйған Жазира сын астынды қалды

Жазира мүгедектерге көмектесуге барып, олардың қамқоршысынан күмәнданып қалды (видео)

Талқылау