Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түлектер аудиторияға ұялы телефон мен шпаргалкаларды оп-оңай алып кіруі мүмкін

Білім және ғылым  министрі Ерлан Сағадиев кей өңірлердің ҰБТ-ға мүлде дайын емес екенін айтты, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Түлектер аудиторияға ұялы телефон мен шпоргалкаларды оп-оңай алып кіруі мүмкін

Фото:Informburo.kz

Сағадевтің айтуынша, кей аймақтара ҰБТ-ға кіретін түлектердің ұялы байланыс телефондарын, өзге металл құылғыларды тексеретін арнайы аппараты жоқ. Ондай жағдайда түлектер телефондарын, шпаргалкаларды оп-оңай кіргізе алады.

“4g мобильдік сигналдарын басу құралдарын, металл іздегіштер, онлайн трансляциялау камераларын сатып алу және ҰБТ өткізу пунктерімен қамтамасыз ету қажеттігі туралы хат жолданған. Бүгінгі мониторингке сәйкес региондарда ҰБТ пунктері әлі заманауи техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілмеген”, – дейді Сағадиев.

Алайда нақты қай өңірдің ҰБТ-ға дайын еместігі белгісіз. Биыл ҰБТ 20 маусымда басталады. Тесттің форматы былтырғыдай. Бірақ сұрақтың көбі жаңартылған. Ең жоғарғы ұпай -140 балл.

Тағы да оқыңыз:

Биыл ҰБТ-ға қатысты түлектерге көмек болатын бірнеше жеңілдіктер енгізіледі

Атырауда лифтіден құлап қаза болған екі оқушы таныстарының үйіне ауызашарға барған

Қазақстандық екі әйелдің төсінен паразитті құрт табылды

Астана тұрғындары: Түні бойы айналаны елестер кезіп, лифтімен кіріп-шыққаны анық байқалады

 

Талқылау