Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«ТҮҚКБҚ» ұсынған кепілдік біздің таңдауымызды анықтады

Баян Құрманбаева үлкен отбасымен бірге Астана қаласында 1997 жылдан бері тұрып келеді. Үлкен үміт артқан Баян күйеуімен бірге осыдан жиырма жыл бұрын еліміздің жаңа астанасын тұрғызу мақсатында көшіп келген. Олар күйеуі екеуі құрылыс саласының өкілдері, астанада бірнеше үйлерді тұрғызған.

«ТҮҚКБҚ» ұсынған кепілдік біздің таңдауымызды анықтады

Отбасы 2002 жылы ипотека арқылы алғаш пәтерге ие болған.

Сол кезден бері 16 жыл өтті, өмірлерінде көптеген өзгерістер болды. Әуелі балалары үйленіп, немерелі болды. Алдымен ұлдарына пәтер әпермекші болған, кейін өз үйлерін қыздарына сыйламақшы еді. Өйткені Баян күйеуімен бірге құрылыс саласынан болғандықтан өздерінің немелеріне деген үйді таңдауға өте мұқият қарады. Пәтер іздеу екі ай уақытты алса, оны рәсімдеу бір айға созылды. Соңында таңдаулары «Алтын ұя» тұрғын үйіне тоқталды. Отбасы бірінші «Comfort Development» құрылыс компаниясының қызметімен таныс болды, құрылыс жұмыстарын бақылап, тіпті өңдеу жұмыстары мен сыртқы қасбеттің құрылысына мән берген.
Баянның айтуынша, келісім шартты қарау барысында отбасы алдымен құрылыс жұмыстарын жасауға берілген рұқсат қағаздарға көңіл бөлген. Ең басты дәлел болып нысанның мемлекеттік кепілдендіруі табылды.

Баян алданған үлескерлер туралы көп естігенін мойындады. Мұндай мәселелердің туындайтын басты себептерінің бірі – тұрғын үйлердің құрылысы уақытында бітпейтіні және құрылыс компанияларының банкротқа ұшырауы. Қордан кепілділікті алу шарттары бойынша оны тек құрылыс жұмыстары ашық түрде жүретін компаниялар ғана ала алады. Демек, жасыратын құпиялары жоқ, өздерінің адалдықтарын дәлелдеу мақсатында барлық құжаттарды көрсетуге дайын.

Осы жылдың сәуір айында отбасы келісімшартқа отырып, кестеге сай тамыз айында пәтер кілтін алды. Бүгінгі таңда үш бөлмелі пәтерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, пәтер жартылай өңделген күйінде өткізілген.

«Үлестік құрылыс туралы» заң бойынша құрылыс компаниясы тек үш жағдайда ғана үлескерлердің ақшасын пайдалана алады. Үлескерлер үшін олардың ең сенімдісі Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры арқылы берілген кепілдік болып табылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау