Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тəуелсіздік күнінде шетелдік әншілер Назарбаевтың əнін орындады (видео)

Елімізде өтіп жатқан «Silk Way Star» халықаралық музыкалық жобасының қатысушылары мен əділ қазылар алқасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елім менің» əнін орындады. Осылайша әншілер қазақстандықтарды Тəуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

QAZAQSTAN арнасының басқарма төрағасы Ерлан Қарин Facebook желісіндегі жеке парақшасында концерттік нөмірден үзінді жариялады.

Айта кетсек, «Елім менің» əнінің сөзін Нұрсұлтан Назарбаев жазған. Ал əуенінің авторы – Бекболат Тілеухан.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінен бастап «Qazaqstan» ұлттық арнасында «Жібек Жолы Жұлдыздары» жобасы көрсетілуде.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды (фото, видео)

КВН: Қазақстандық команда Жоғары лигада тұңғыш рет чемпион атанды

Димаш Құдайберген Қытайдың орталық телеарнасына сұхбат берді (видео)

Қайрат Нұртас жұбайы рөл сомдайтын фильмдерді тек өзі түсіретін болады

Талқылау