Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ТЖД: Жоғалған тікұшақ Алматы облысындағы таудан табылды

Кеше жоғалып кеткен азаматтық тікұшақ Алматы облысында таудан табылды. Бұл туралы облыстың ТЖ департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

ушақ
Тікұшақ Алматы-Өскемен тас жолынан үш шақырым жерде Қапал ауылына бұрылар тұстан табылды. Сондай-ақ тікұшақ тау жақтағы шатқалда жатқаны нақтыланды.

“Аспан” компаниясына тиесілі UP-MD 600-N маркалы азаматтық мақсаттағы тікұшақ кеше сағат 15:45-те Алакөл ауданының Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ұшып шығып, сағат шамамен 16:55-те радардан жоғалып кеткен.

Талқылау