Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрғымбаев пен Шпекбаевқа генерал-лейтенант арнаулы атағы берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әскери лауазымдар мен арнаулы атақтарды беру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рәсім барысында 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені – Ғизат Нұрдәулетовке, Марат Ахметжановқа; 

полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы – Алик Шпекбаевқа, Ерлан Тұрғымбаевқа; 

генерал-лейтенант әскери атағы – Мүслім Алтынбаевқа; 

мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы –Жүсіповке; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы –Ерғожинге, Әлімжановқа, Ирменовке, Төлеуовке, Уәлиниязовқа; 

сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы – Найзабековке; 

3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Сөнтаевқа; 

генерал-лейтенант әскери атағы – Халықовқа, 

генерал-майор әскери атағы – Аймашевке, Ашировке, Бәденовке, Жұмағалиевке, Қайырбековке, Мұратбаевқа, Мұстабековке; 

контр-адмирал әскери атағы – Бекжановқа; 

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені –Жақыпбаевқа, Жүйріктаевқа, Сексембаевқа; 

полиция генерал-майоры арнаулы атағы Дәлбековке, Дүйсембаевқа  берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев генералдар мен офицерлерге арнаған сөзінде бұл жоғары шендер мен арнаулы атақтар олардың еңбектерінің лайықты жемісі екенін атап өтті.

«Бұл сіздердің тек кәсіби және жеке сіңірген еңбектеріңіздің еленуі ғана емес, сондай-ақ, одан да ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жауапкершіліктің жаңа деңгейін білдіреді. Қуатты әрі өркендеген Қазақстанды құру жолында барлық күш-жігерлеріңізді жұмсайтындарыңызға сенімдімін», – дейді президент.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр