Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыр жалаңаш шешінген ер адам Щучинск көшелерімен жүрген

Ақмола облысы Щучинск қаласында жалаңаш серуендеген ер адам ем-дом қабылдауға жіберілді. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

351ae45f6282dadfdae72e8cdd48281f

Куәгерлер түсірген фото

Үстіне бір де бір киім кимеген ер адам, көше бойымен түк болмағандай кетіп бара жатады. Ол ешкімге қарамастан өз жөнімен әкімшілік мекемелердің жанымен жүрген.

Кейін ол қаладағы банк ғимараттарының біріне кірмекші болыпты. Алайда есік алдындағы күзетші оны итеріп сыртқа шығармақшы болады. Облыстық ішкі істер басқармасы ер адамның медициналық мекемелердің тіркеуінде тұрғанын айтты. Сондықтан ол ешқандай жауапкершілікке тартылмауы мүмкін.

Талқылау