Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тынық мұхитында бір ай қайықта аш қалған 15 адам құтқарылды

Соломон аралының билігі Тынық мұхитында қалған Папуа-Жаңа Зеландия тұрғындарының құтқарылғанын хабарлады.

pic_d0dcce33da368ed6dfd018895b559c3c

Сурет: PNG High Commission in Solomon Islands

Соломондағы Папуа-Жаңа Зеландия елінің елшісі Фред Якасаның айтуынша,  4 сәуір күні моторлы қайықпен Жаңа Зеландияның Лихир аралына бет алған Жол бойында қайық сынып, олар бір ай бойы азық-түліксіз қалған.

Аштықтан бір әйел қаза тапқан. Қалған жолаушылар жаңғақ пен бетель өсімдігін қорек етіп келген. Олардың ішінде 4 және 10 жастағы бүлдіршін де болған.

Сынған қайықты ұшақтағылар байқап қалған. Осыдан кейін жолаушылар құтқарылып, олардың екеуі ауыр халде жатыр.

Бетель өсімдігі – жапырағынан сағыз жасайтын тропиктік өсімдік. Оны Оңтүстік-Шығыс Азияда дәмдеуіш ретінде және медицинада кеңінен қолданады. Ал, жапырағын желдеткіш ретінде де пайдаланып жатады.

Талқылау