Тыңдарманы Жорабаеваны әрекеті үшін сынап, өзімшілдігін бетіне басты

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 12:24

Тыңдарманы Алтынай Жорабаеваны өзімен бірге суретке түспей қойғаны үшін сынап, өзімшілдігін бетіне басты.

13259579_280780428976864_1933385500_n

Фото: instagram.com/zhorabayeva/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Астана туған күнінің қарсаңында Алтынай Жорабаева мерекелік шаралардың біріне шақырту алады. Аталған жерге бармас бұрын жолда тыңдармандарын жолықтырады. Олар әншіден өздерімен бірге суретке түсуді сұрайды. Алайда әнші тоқтамастан қашып кетеді. Оның бұл әрекетіне келесі бір шараға асығып бара жатқаны себеп болса керек.

“Алтынай, Астана күнінде тыңдармандарыңызбен суретке түспей қашып кеттіңіз. Артыңыздан қаншама халық жүгірді?! Осы әрекетіңіз дұрыс па?! Өзімшілдік қасиетіңіздің бар екенін байқадық!” – дейді Қымбат есімді желі қолданушысы. Бойжеткеннің сөзін өзге желі қолданушылары да қолдай түскен. Олар әншінің осы әрекетіне қатысты көптеген пікір білдірген.

Көпшіліктің сыни пікірі әншіні де бей-жай қалдырмаған-ды. “Мені ол кезде Хэппилонда көптеген бүлдіршін күтіп отырды. Керуендегі Хэппилонға бір жарым сағатта жеттім. Көшеде кептеліс болды. Бір күнде екі концерт те сол Жерұйықта болды. Ән айтып болған соң суретке асықпай түстім. Өйткені басқа жұмысым болмады.

Түсіністікпен қарағандарыңыз жөн. Тіпті, сол саябақта ән айтып болған соң биік аяқ киімімді шешіп, слансы киіп көлікке қарай жүгірдім. Көлігім алыста тұрған еді. Су тер болып кеттім”, – дейді Алтынай Жорабаева.

Әншінің бұл сөздерінен кейін де көпшілік оны сынауын жалғастыра берді. Бірі жақтаса, енді бірі өзімшілідігін айтқан.


Жіберіп алмаңыз:

Араб тілін үйренуге шақырған Алтынайды тыңдармандары сынап тастады

Алтынай Жобаваеваның атқа отырып,тау бөктерінде еркін шапқанына көпшілік таң қалды

Қазақ эстрадасының жұлдыздары бет терісіне қалай күтім жасайды (фото)

Алтынай Жобаваеваның атқа отырып,тау бөктерінде еркін шапқанына көпшілік таң қалды

Айгүл Иманбаева: 18 жасымда сезім мен сыйластықты шатастырдым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар