Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдарманы дүниеге келген егіздерді Жанболат пен Жазираның құрметіне атады (фото)

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира тойға көп шығатын әншілердің қатарында. Олардың әндерін халық сүйіп тыңдайды, жарасымдылығына сүйсіне қарайды.

жанболат жазира

Шымкенттік жанкүйерлері бүгін Жанболат пен Жазираны бір қуантты. Аягөз есімді әже дүниеге келген егіз немерелеріне екеуінің есімін бергенін айтып, сүйінші сұраған. Жазира Байырбекова қуанышты хабарды елге жеткізуге асықты.

«Сіздер Шымкентте «Балым» тойханасына келіп ән айтқан едіңіздер.  Естеріңізде ме? Сол кезде менің келінім сіздермен суретке түскен. Ішіндегісі егіз, бір қыз бір ұл еді. Бүгін таңғы 6-да босанды, есімі Жанболат пен Жазира болды. Алланың қалауымен болды. Сіздерден сүйінші сұрап, қуанышты жаңалығыммен бөліскім келді», – деп жазды Аягөз есімді тыңдарман.

14374497_520033794862949_3643189748085817344_n

Жанболат пен Жазира егіздердің анасымен бірге, Шымкент қаласы.

Желі оқырмандары дүниеге сәби әкелу бақытын Жазираға тіледі. Айта кетейік, Жанболат пен Жазираның Қазыбек есімді бір ұлдары бар.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Мақсатқызы «Кеш you» тобының құрамын тағы ауыстыра ма?

Серік Ибрагимов қалыңдығын ұзатып алды (фото, видео)

20 жастағы Мәдина Сәдуақасова: әнші қандай болды? (видео)

Қарақат «Бал-бала» ойыншықтарын қымбатсынатын ата-аналарға қайран қалды

Талқылау